Қостанайда 26 қаңтар күні студенттер мен оқушылар онлайн оқитын болды

АСТАНА. KAZINFORM — Ертең Қостанайда қолайсыз ауа райына байланысты кейбір оқушылар мен студенттер қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

дистанционное обучение қашықтан оқыту школьники уроки оқушы сабақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Қалалық қызметтердің мәліметінше, 26 қаңтарда ауа температурасы –28…–30°C дейін төмендеп, жел жылдамдығы 6 м/с-қа жетеді деп болжанған. Осыған байланысты оқу процесіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, бірінші ауысымда оқитын 1-2-курс студенттері қашықтан оқытуға көшіріледі. Ал бірінші ауысымның 3-4-курс студенттерін қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешімді колледждер өздері ағымдағы жағдайға қарай қабылдайды.

Сонымен қатар, МАДС, КПП және бірінші ауысымның 1–11 сынып оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ертең ақтөбелік 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Соңғы жаңалықтар