Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанайда 50-ге жуық тұрғын үй жылусыз қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қостанайдағы коммуналды апат салдарынан қаланың орталық бөлігіндегі 44 көпқабатты үй ыстық су мен жылу беру жүйесінен ағытылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қостанайда 50-ге жуық тұрғын үй жылусыз қалды

Қала билігі Қостанай әкімінің сайтында жағдайға қатысты түсініктеме берді. Жедел жөндеу бригадасы түнгі 3-те үшінші жылу торабындағы жарылысты байқаған. Жағдай өте ауыр деп бағаланып, тұрғын алабын орталықтан ажыратпай жөндеу жүргізу мүмкін болмады. Жылу кәсіпорнының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Нұрлан Көшековтің айтуынша, тұрғындар 18 сағатқа дейін жылусыз, сусыз отыруы мүмкін. Және ол қызметтен ажыраған нақты көшелерді (әл-Фараби даңғылы-Дощанов көшесі және Урицкий, Перроная көшелері) де айтып берді.