Қостанайда 90 жастағы соғыс қатысушысына ҚР ішкі істер министрінің Құрмет грамотасы тапсырылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысушыны және бұрынғы әріптесін 90 жасқа толувымен құттықтады. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.
«Біздің ҚАЖ ардагерлерінің бәрі де түгелдей қамқорлыққа бөленген. Әсіресе соғыс ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу үстінде зор көңіл бөлініп отыр. Мәселен, біздің бұрынғы әріптесіміз Михаил Иванович Головизна жақында 90 жасқа толды. Мерейтой иесін ол көп жыл бойы еңбек еткен УК-161/3 түзету мекемесінің қызметкерлері ғана құттықтап қойған жоқ, оған ҚР ішкі істер министрі мен облыстық ҚАЖ департаменті бастығының Құрмет грамоталары тапсырылды», - деп атап өтті УК-161/3 түзеу мекемесінің қызметкері Анна Изикеева.
Михаид Иванович өзінің жауынгерлік жолын 1943 жылғы қаңтарда қатардагі жауынгер болып бастап, рота старшинасы шенінде аяқтады. Литва дивизиясының 167-атқыштар полкінің байланыс батальонында байланысшы болып қызмет етті. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
«Айтқандай, биылғы наурыз айында Михаил Иванович пен оның зайыбы Федосья Павловна өздерінің отбасы құрғанына 65 жыл толуы мерейтойын атап өтті», - деді ол.