Қостанайда алкогольмен байланысты қылмыстар саны артты

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM - Қостанайда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты қылмыстар саны көбейіп отыр. 2025 жылдың алғашқы бес айында мұндай қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7%-ға артқан.

Количество алкогольных преступлений растет в Костанае
Фото: Қостанай облыстық ПД

Осыған байланысты жергілікті полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп түнгі рейд жүргізді. Мақсат — 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь мен темекі өнімдерін заңсыз сату әрекеттерін анықтау.

Әлеуметтік эксперимент барысында 19 және 20 жастағы еріктілер дүкендерде заңның сақталуын тексерді. Көптеген сауда орындарында сатушылар заң талабын орындаған. Алайда қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан бір дүкенде оларға сыра мен темекі сатылған. Аталған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін материалдар рәсімделді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Индира Нұриеваның мәліметінше, жыл басынан бері 125 рейд жүргізіліп, 18 дүкен иесі кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқан үшін жауапқа тартылған. Тағы бір сатушы 21 жасқа толмаған адамға темекі өнімін сатқан үшін жауапқа тартылды.

Осыған дейін Қостанайдағы арнайы орталықта 16 жастағы қыздың үтікпен күйдірілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар