Қостанайда әр айдың сейсенбісінде дабыл қағылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдай туындаған кезде халыққа ескерту үшін дабыл қағу құрылғыларын қолданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Әр айдың бірінші сейсенбісі күні «Барлықтарыңыздың назарларыңызға!» деген дабыл қағылады. Техникалық құралдарды қолдана отырып, төтенше жағдайлар туралы халыққа ескерту жүргізу 5 қыркүйектен басталды. Қаладағы тұрғын үйлер мен мекемелер шатырында орналасқан дабылдар сағат 11-де қосылады.

«Барлықтарыңыздың назарларыңызға!» командасы естілген кезде тұрғындар радио немесе дабылды қабылдауға қол жетімді құралдарды қосып, хабарламаны тыңдау керек. Азаматтардан сабырлық сақтауды және ешқандай әрекет етпеулерін сұраймыз» делінген облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар