Қостанайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
ҚОСТАНАЙ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін таңертең Қостанайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды.
Сауда Спорт сарайында өтіп жатыр.
Шараны ұйымдастырып отырған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен облыс әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде ұсынылып отырған барлық тауарлар, дүкендер мен базарларға қарағанда, арзандатылған бағамен сатылатын болады.
Қостанайдың ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Тамара Петрухноның айтуынша, баға айырмашылығы 30 пайыздан кем болмайды, ал тауарлар жәрмеңкеге облыстың тоғыз ауданынан әкелініп отыр. Негізінен, ет және көкөніс өнімдері сатылады.