Қостанайда ауыр жүк көліктерімен тауар тасымалдаушыларды тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топ қолға түсті

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қостанайда ауыр жүк көліктерімен тауар тасымалдаушыларды тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның деректеріне қарағанда, Қостанай, Павлодар, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының 9 жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментіне барып, «Ақтөбе-Қостанай» автожолының бойында белгісіз біреулердің ақша бопсалаумен айналысып жүргендігіне шағымданған. Шағымданушылардың сөздері бойынша, жүргізушілер түнгі мезгілде демалып отырған кезде оларға белгісіз біреулер келіп, қорқытып 250 мың теңгелерін тартып алған. «Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында Қостанай қаласында Ақтөбе облысының 20 мен 40 жас аралығындағы 5 азаматы қолға түсіп, олардан тартып алынған ақша мен өзге де мүліктер алынды», деді департамент бастығы.

Соңғы жаңалықтар