Қостанайда әйел экстрасенсқа 3 миллион теңге аударып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда әйел экстрасенсқа 3 миллион теңге аударған. Осы тәсілмен алаяқ оның өмірінде кездесе беретін сәтсіздіктерден арылтпақшы болған, деп хабарлады «Костанайские новости». Алайда оның проблемасы азаюдың орнына арта түскен, себебі ол ақшаны танысынан қарызға алған, оны қалай қайтаратынын да білмейді.
None
None

Әйел көптен бері басын қырсық шалып жүргені жайлы айтқан. Фен-шуйға дейін барлық дұғаларды байқап көреді, ақыр соңында экстрасенсқа жүгінеді. Сүйікті ресейлік журналдан ол жайлы оқыған әйел көрсетілген нөмірге қоңырау шалады. Содан бері жиі хабарласып, сеансты телефон арқылы жүргізген.

«Қоңырауды қалай көтергенімді білмеймін, есім ауып қалды. Телефоннан ол бұл туралы ешкімге, тіпті туыстарыма да айтпау қажеттігін ескертті», - деді зардап шегуші.

Одан әрі сеанс жайлы ештеңе есінде жоқ. Бірақ алған қызметі үшін ақы төлеу керек. Сөйтіп жолы ашылатынына сенімді болған ол қарызға ақша алады. Бір ай әңгімелескені үшін Елена экстрасенсқа 3 миллион теңге аударған. Ақшаны әр саенс сайын бөліп-бөліп, әр телефоннан әр адамға жіберген. Бір айдан кейін ғана ол алданғанын түсінген.

Елена өзін гипноздап тастағанына сенімді.

Алаяқтардан зардап шеккен әйел полицияға жүгінді. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. Біріншіден, ақшаны басқа елге аударған, бұл істі күрделендіре түсуде. Мұндай схеманың ашылмай қалатын сәттері көп. Мұндай алаяқтыққа көбінесе қалалықтар жиі ұшырайды.

Соңғы жаңалықтар