Қостанайда бағаның төмендеуі байқалады

ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – «Қазагромаркетинг» АҚ қостанайлық филиалының директоры Ольга Андрусенконың мәлімдемесіне қарағанда, күнделікті көпшілік қолды кейбір тауарлардың бағасы дағдарыс жағдайында төмендеуі байқалады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мұндай мәлімдемені бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте О.Андрусенко жасады. Брифингтің басшылары баға жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолданып отырған шаралары туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, О.Андрусенко Қостанай облысының рыноктарындағы бағаларға жүргізілетін күн сайынғы мониторингі ұнның, күнбағыс майының, сүттің, ірімшіктің, жұмыртқаның, қой етінің бағалары соңғы кездері төмендегені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. АИ-93 және АИ-96 маркалы бензин бағасының болмашы өскені тіркелді (3-5 теңге). «Қостанайда бағаның айтарлықтай өсуі орын алып отырған жоқ», ? деді О.Андрусенко. Қостанай әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Тамара Петрухноның пікірінше, жеткізушілермен және сатушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырған билік органдары баға жағдайына айтарлықтай әсер етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар