Қостанайда білім беру бөлімінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды
АСТАНА.KAZINFORM — Қала мектептеріне бөлінген қаражаттың жымқырылуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қостанай облысы бойынша ҰҚКД хабарлауынша, Қостанай қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу дерегінше, қазына ақшасын бір топ адам үптеген.
1 маусым күні тергеу аясында бірқатар тергеу іс-шарасы атқарылды. Лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілді.
Дәл осы күні ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты істеді деген күдікпен Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте колледж басшылары мен бухгалтерлер 1,3 млрд бюджет қаражатын жымқырғанын жазғанбыз.