Қостанайда «Достық әлеміндегі жаңажылдық керемет» атты Президенттік шырша өтті

ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейне-құттықтауы көрсетілген жаңажылдық мерекеге 150 бала қатысты. Олар - ата-аналарының қарауынсыз қалған және жетім балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан және мүгедек балалар, сондай-ақ оқу озаттары, жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері.
None
None

Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин балаларды құттықтады. Одан кейін залға балалардың сүйкімді тамағы - үлкен торт әкелінді. Мерекеге қатысушылардың барлығы да президенттік сыйлықтар - жылы киімдер, бас киімдер, спорттық киімдір, кроссовкалар, мектеп құрал-жабдықтарын, флэш-карталар және тәттілер алды.

Соңғы жаңалықтар