Қостанайда екі әйелдің үсіп өлуіне қатысты тергеу жүргізіледі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полициясы гипотермиядан қайтыс болған екі әйелге қатысты тергеу жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«5 ақпанда Әулиекөл ауданының Черниговка кентінде 29 жастағы әйелдің денесі табылды, зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған. Сол күні полицейлер Денисов ауданы Перелески ауылының 50 жастағы тұрғынының мәйітін тапты. Әйелдер өлімінің болжалды себебі - ағзаға суық өту»,- деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады.

Соңғы жаңалықтар