Қостанайда эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Гүлдер» ансамблінің концерті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 маусым күні Қостанайда қалалық балалар шығармашылығы мектебінде есімі елімізге танымал «Гүлдер» эстрадалық ән-би ансамблінің концерті болады.
None
None

Айта кетейік, 45 жылдай уақыттан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ мәдениетінің дамуына қомақты үлесін қосып келе жатқан аталмыш өнер ұжымына халықтың сүйікті әншісі Бахтияр Тайлақбаев жетекшілік етеді.

Облыс орталығында өтетін айтулы мәдени шарада Ақбота Керімбекова, Бейбіт Қорған сияқты еліміздің эстрада жұлдыздары мен «Денар», «Сұңқар» топтары да өнер көрсетеді деп күтілуде, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар