Қостанайда иіс тиген екі адам көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде екі адам иіс тиіп қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайда иіс тиген екі адам көз жұмды

Оқиға кеше кешкісін болған.

«Сағат кешкі 20:15-те Қостанай қаласындағы Путейская көшесіндегі 6-шы үйде 1953 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйел адам иіс тиіп, қайтыс болған», - деп хабарлады ТЖД.

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Жанна Мұсабаева