20:48, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        Қостанайда инфляцияға қарсы жәрмеңке өтеді
                                            ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Ақпанның 28-інде, алдағы сенбі күні Қостанайда кеңейтілген жәрмеңке-сату болады,
                                        
                                        
                                    
                                              
                                                     деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс орталығы әкімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жәрмеңкеге тауар өндірушілердің бағасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің мол түрі ұсынылатын болады. Сауда-саттық тізбегінен алыпсатарларды аластату ? өнімдердің барынша арзандауына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Спорт сарайында өтетін жәрмеңкеге облыстың барлық аудандарынан келген өнеркәсіп және өңдеу компанияларының өкілдері қатысады.