Қостанайда инвестиция көлемі өсуде

ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай облысында 2009 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға салынған инвестиция 17,7 миллиард теңгені құрады, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары,

Қостанайда  инвестиция көлемі өсуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл мәліметті жария еткен Қостанай облыстық Статистика департаментінің хабарлауынша, қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен жалпы ауданы 32,2 мың шаршы метр тұрғын үй ғимараты пайдалануға беріліп отыр, бұл 2008 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштің 112,4 пайызын құрайды. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыстардың мердігерлік келісімшарттары бойынша орындалған жұмыстар мен қызметтердің ауқымы 2 977,8 миллион теңгені немесе 2008 жылдың қаңтар-наурыз айындағы көрсеткіштің 82,8 пайызын құрады.