Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанайда ірі көлемде есірткі сақтаған әжелер ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған қостанайлық әжелерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда ірі көлемде есірткі сақтаған әжелер ұсталды

Облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған әйелдерді қолға түсірді.
Із кесу шаралары барысында үйінде 119 грамм героин жасырған 58 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, күдіктінің үлкен ұлы есірткі бизнесін жүргізгені үшін жазасын өтеп жатыр.
Тәртіп сақшылары 51 жастағы тағы бір күдікті әйелді қамауға алды. Оның үйін тексеру барысында 1 келі 307 грамм есірткі заты табылды.
«Екі күдікті ҚР ҚК-нің «Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтау» бабы бойынша айыпталуда. Олар аталған көлемдегі есірткіні сату үшін сақтап келген. Екеуі де жұмыссыз, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.