Қостанайда қару-жарақ туралы заң онлайн желісінде талқыға салынды
ҚОСТАНАЙ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда биылғы жылы алғаш рет Ішкі істер департаментінің сайтында интернет-конференция өтіп, қару-жарақ айналымын бақылау саласындағы заңнамаларға енгізілген жаңа өзгерістер талқыға салдынды.
Азаматтық қару иелері ІІД лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің бас инспекторы Абзал Болатовтан өздерін мазалаған сауалдарға білікті жауап алды. Ол әрбір жағдайға түсініктеме беріп, қолдағы қаруларына қатысты қандай іс-әрекеттерді жүзеге асыру керектігі туралы хабарлады.
Жеке күзет құрылымдарының қызметіндегі өзгерістермен байланыстырылған бірнеше тақырып қозғалды. ІІД күзет қызметі бастығының орынбасары Сергей Остапенко жеке күзетшілер, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың ведомстволық бөлімдердің күзет бөлімшелері күзет қызметі субъектілерінің қатарынан шығарылғандығын мәлім етті.