Қостанайда қатты аяз туралы ескерту жасалды

ҚОСТАНАЙ Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысында төтенше жағдайлар қызметтері мен әкімдіктер қатты аяз бен боран болатындығы туралы ескерту таратты.
None
None

Қостанай гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша, қаңтардың 7-с мен 9-ы аралығында облыс аумағында кей жерлерде боран болады, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 метр/секундпен жел соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнгі мезгілде 30-35 градусқа дейін төмендейді.

Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин аптаның басында арнайы кеңес өткізіп, онда әлеуметтік нысандардағы температура режімінің тұрақтылық мәселесі талқыланған болатын. Әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауа райының тұрақсыздығын және температураның жиі төмендеуін ескере отырып, С.Кулагин коммуналдық қызметтерге тәулік бойғы кезекшілікті жалғастыру туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар