Қостанайда қазіргі саяси жағдайдағы билік міндеттері талқыға түсті
ҚОСТАНАЙ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин облыс әкімі орынбасарының, облыстық мәслихат хатшысының, облыстық басқармалар басшылығының, құқық қорғау органдары мен облыс әкімі аппаратындағы қызметкерлердің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.
Әкім баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылады.
Жиналған қауым Жолдауды түсіндіру мен жүзеге асыру жоспарлары, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау шаралары туралы хабардар болды.
Облыс әкімі С.Кулагин ағымдағы жылдың басты саяси құжатын түсіндіру мен жүзеге асыру үшін және ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты атап өту үшін тиісті міндеттер қойды.