Қостанайда қираған үйдің астында әлі де адамдар бар
Қостанайда құлаған үйдің астында бір адам бар. Бұл жайында Kazinform тілшісі оқиға орнынан хабарлады.

Еске сала кетейік, Қостанай қаласындағы Амангелді кентінде бір күн бұрын ғимарат опырылып құлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, онда газ-ауа қоспасы жарылған.
Ғимарат үйіндісінің астында жеті адам қалған. Екі адам құтқарылды, біреуінің денесі табылды.
Тағы біреуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Хабарланғандай, оның аяғы тақталардың арасына қысылып қалған.
ТЖД жұмыстың өте күрделі екенін нақтылады.

«Үйде отырғанда тарс еткен әлдебір дыбысты естіп, біреудің көлігінің дөңгелегі жарылды ма деп ойладым. Далаға шықсам, адамдар, көліктер жүр. Кейін жарылыс болғанын оқыдым», — деді жергілікті тұрғын Ілияс.
Жұмыс барысында оқиға орнынағы үйінді астында қалуы мүмкін адамның туысы да келген. Ол осы жерде жақын адамы жұмыс істейтінін айтты.
Куәгерлердің айтуынша, бұл жерде жүк және жеңіл көліктерді жөндейтін жекеменшік аумақ болған.

«Жеңіл жарақат алған төрт адам ауруханаға жатқызылды. Үйінді астында бір адам қалды», — деп хабарлады полициядан.
Оқиға орнына еріктілер келіп жатыр.
Олар ең қажетті заттар: көрпе, жылы киім, ыстық шай, бауырсақ, т. б. әкелді.

Жедел көмек қызметі 4 адам Қостанай облыстық ауруханасына, 7 адам Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілгенін мәлім етті. Олар орташа дәрежеде жарақат алған. Қажетті шаралардың бәрі істеліп жатыр.
Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, бірақ барлығы жақсы екеніне сенімді болу үшін 3 тұрғын бірнеше күн стационарлық ем алса, тағы үш адам амбулаториялық бақылауда болады.
Зардап шеккен бір адам ауыр халде Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді. 40 жастағы ер адам ми жарақатын алған, тексеру амалдары жүріп жатыр.
Бұған дейін Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойғаны хабарланған еді.
Кейін үш адам үйінді астынан шығарылды.