09:26, 16 Наурыз 2014 | GMT +5
Қостанайда көлік ішінде қаза болған үш азаматтың денелері табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше сағат түнгі 11-лер шамасында Қостанай облысының Қарасу ауданы маңындағы Қарасу-Павловское тас жолында Павловское селосының маңын қардан тазарту жұмыстарын жүргізу барысында қар құрсауында қалып қойған жеңіл автокөлік табылған.
Көлік ішінен 1966 жылы туған азамат А.Юдинның, 1995 жылы туған А.Виноградовтың және 1990 жылы туған Д.Денисовтың денелері табылған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды. Алдын ала болжам бойынша олар иіс тиіп уланған. Осы көлікте болған 1992 жылы туған азаматша Н.Калашникова иіс тиіп улануы себепті ауруханаға жеткізілді.