Қостанайда қойма өртенді

АСТАНА. KAZINFORM —  Қостанайда күнжара сақталған қоймада ірі өрт шықты. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жұмыс істеп жатыр.

Қостанайда қойма өртенді
фото: видеодан алынған скрин

Өрт Ш. Жәнібек көшесінде болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ғимараты ашық жалынмен жанып жатқан.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына «Қазақстан темір жолы» компаниясының өрт сөндіру пойызы да жіберілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері мен аумағы әзірге хабарланған жоқ.