Қостанайда құқық қорғау органдарының міндеттері талқыланды
ҚОСТАНАЙ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының Ішкі істер департаментінде ведомствоның 2010 жылда атқарған жұмысын талқылау үшін кеңейтілген жедел кеңес болып өтті, оған облыс әкімі Сергей Кулагин қатысты.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңеске Қостанай облысының прокуроры Әбдуқадыр Кәрім, облыстық соттың төрағасы Бағлан Мақұлбеков, Қостанай облысы Экономкалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Жанұзақ Сабыржанов, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Базылбеков шақырылған.
С.Кулагин өз сөзінде полиция жұмысына баға бере отырып, олардың жұмысының нәтижесі азаматтардың өмір қауіпсіздігі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ әкім полицияның материалдық базасын нығайту үшін 4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетіндігін жеткізді.
Қостанай облысы ІІД бастығы Болат Байжасаров ведомство жұмысының қорытындылары туралы хабарлап, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтылған міндеттерді ортаға салды.
Жедел кеңес барысында облыстық ІІД жетекшілері сөз алып, құқық қорғау жүйесін реформалау аясындағы Мемлекет басшысының айтқан тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы туралы өзара пікір алмасты.