Қостанайда мүгедек балаларға арналған фестиваль өткізілді

СТАНАЙ. 22 шілде. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысындағы «Жайлау» демалыс базасында «Ашық әлем» фестивалі өтті. Бұл шара 4 пен 18 жастың аралығындағы мүгедек балалардың басын қосты.

Қостанайда мүгедек балаларға арналған  фестиваль өткізілді

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың аналарының «Радуга» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған бұл фестиваль жобасы мемлекеттің қолдауымен және облыстық білім басқармасының грантына өткізілді.

«Радуга» президенті Наталья Колоскованың айтуынша, фестиваль денсаулықтары әлсіз, балалардың церебералды параличі синдромына шалдыққандар үшін өте пайдалы болды. Фестивальге қатысушылар шығармашылық және спорттық шаралармен айналысты.