Қостанайда облыс әкімінің қатысуымен жаңажылдық шыршалардың шамдары жағылды

ҚОСТАНАЙ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қостанайда облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда, Сити-орталық пен Орталық саябақта 3 жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды.
None
None

Ең биік шырша орталық алаңда орнатылған, жасанды ағаштың биікті 21 метр.

Алаңға жиналған тұрғындарды Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов және қала әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қарсы алды. Облыс басшысы атап өткендей, «Кетер жыл оңай болған жоқ, дегенмен, бұл жылда айтулы оқиғалар болды. Сондықтан бұл жыл бекерге болмағандығын  көрсету үшін Жаңа жылға дейін ескі шаруаларымызды аяқтауымыз қажет», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар