Қостанайда өрт салдарынан бір адам зардап шегіп, техника жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Титан» ЖШС газ құю стансасында шыққан өрт қауіпсіздік техникасының бұзылуынан болуы мүмкін. Оқиға салдарынан техника жанып кетіп, бір адам зардап шекті. Газ толтырылған үлкен цистернаның жарылу қаупі болды. Бұл туралы «Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Өрт туралы хабарлама «101» пультіне кешкі 21.17-де келіп түсті. Автомобиль тартқышы, екі цистернаның тиекті арматурасынан газ отқа оранды, төтенше оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің күштері дереу жетті. «Өрт аумағында көлемі 70 текше метр екі цистернаның жарылу қаупі болды», -делінген хабарламада.

21.55-те орында жедел өрт сөндіру штабы, 2 жауынгерлік учаске құрылды, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен облыс орталығының әкімі Базыл Жақыпов, ТЖД, құқық қорғау органдарының басшылары келді.

«Өрт сөндіру кезінде температураның жоғарылығы мен нысанда өрт сөндіру құралдарының жетіспеуі қиындық тудырды, - деп атап өтті ведомтсво баспасөз хатшысы Зәмзәгүл Айдарбекқызы. - су тасу үшін қаланың коммуналдық қызметтері де қосымша тартылды. 102, 103, қалалық электр желісі, Қостанай-Су, «Иволга-Астық» ЖШС, «Целина» РМК, «Қазақстан-Темір жолы» өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Жалын 2,5 сағатта оқшауланып, 23 ақпан түнгі бірде ауыздықталды.

30 жастағы зардап шеккен күзетші беті, қолдары күйіп, ауруханаға жеткізілді.

Өрт сөндіру уақытында кіреберіс жолдар қоршауға алынды.

Өртті сөндіруге 24 бірлік арнайы техника, 97 адам тартылды. Өрттің шығыны мен себебі анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар