Қостанайда Рождество мейрамы тойлануда

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанайдың православ тұрғындары бүгін түнде шіркеулерде болып,
None
None
Христостың туған күні - Рождество мерекесін қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түнгі ғибадат жасалған шіркеулерге адамдар көп жиналды. Мерекелік литургия рәсімдері аяқталғаннан кейін Қостанай храмдарында және Орыс православ шіркеуінің барлық приходтарында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы марқұм ІІ Алексийдің қайтыс боларының алдында жазып кеткен рождестволық жолдауы оқылды. Бүгін шіркеу жандарында түні бойы полиция қызметкерлері кезекшілікте болып, көшелер мен жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етті.
Соңғы жаңалықтар