Қостанайда санақ кезінде туыстар бір-бірін тапты

ҚОСТАНАЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанайда санақшы жұмысын орындаушы қыз өз туысын тапты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық статистика департаментінің бастығы Қанат Бәрімбековтың хабарлауынша, 80-дегі қостанайлыққа барып, санақ парақтарын толтыру кезінде санақшы оның тегі өзінің тегімен ұқсас екендігін анықтайды. «Бастапқыда санақшы қыз қарт кісінің тегіндегі ұқсастықты кездейсоқтық деп ойлайды, ? деді Қ.Бәрімбеков, ? бірақ одан әрі сауалдама кезінде олардың туған жерлері бір екендігін біледі. Түптеп келгенде қарт кісі ? түп нағашысы, әжесінің бауыры болып шығады. Белгілі бір себептерге байланысты олар ұзақ жылдар бойы араларындағы байланысты үзіп алады, бірақ Ұлттық халық санағының арқасында туыстардың қайта қауышуына мүмкіндік туды».
Соңғы жаңалықтар