Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті

ҚОСТАНАЙ.KAZINFORM — Бүгін «Ақ шаңырақ» демалыс аймағында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Таза ойындар» экологиялық акциясы өтті. 

Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Іс-шараға «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының 100 сарбазы қатысып, бес командаға бөлініп, аумақты тазалау бойынша өзара сайысқа түсті.

Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Қатысушылар демалыс аймағына іргелес аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жиналған қоқысты сұрыптады. Экологиялық сайыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. Нәтижелерді бағалау кезінде жиналған қалдықтардың көлемі мен оларды сұрыптау сапасы ескерілді. Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Акция қорытындысы бойынша қатысушылар шамамен жарты тонна тұрмыстық қалдық жинап, оларды сұрыптап, әрі қарай қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберді.

Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Қостанай облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсековтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

- «Таза ойындар» – қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың қызықты, бірлікке үндейтін әрі нағыз командалық форматта жүзеге асатынын көрсететін мүмкіндік. Бүгін жастар тек аумақты тазалап қана қоймай, «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға өздерінің жеке үлесін қосты. Табиғатқа және туған өлкеге жанашырлық дәл осындай бастамалардан басталады, – деді Абай Дүйсеков.

Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өтті
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

«Таза ойындар» форматы пайдалы экологиялық бастаманы командалық сайыспен ұштастырып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттауға мүмкіндік берді.