Қостанайда жаңа автокөлік жобасы жүзеге асырылып жатыр
ҚОСТАНАЙ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда орналасқан «АгромашХолдинг» АҚ базасында «Соллерс» ААҚ (РФ) автокөлік құрастыратын өндіріс іске қосылады.
Осыған байланысты Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин мүдделі компания өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Қазақстан тарапынан жобаға «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қосылды. Кеңес жұмысына «АгромашХолдинг» АҚ, «Allur Auto» ЖШС жетекшілері, «Тобыл» ӘКК өкілдері, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, кедендік бақылау департаментінің өкілдері қатысты.
Жаңа өндіріс басталған істің жалғасы болады - «АгромашХолдинг» компаниясы Қостанай облысында «Ssang Yong» оңтүстіккореялық көлікті құрастыруды бұрыннан жүзеге асырып келеді.