Қостанайда жаңа мешіт салынатын болады

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда салтанатты түрде жаңа мешіттің алғашқы тасы қаланды.
None
None

Мешіт жайлы орын, Маяковский көшесінде орналасатын болады.

Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин салтанатты шараға қатыса отырып, жаңа мешітті салу туралы шешім екі жыл бұрын қабылданғандығын жеткізді. Мешіттің салынатын орны бас имаммен келісілген. «Ғимаратты заманауи сәулет өнері мен жайлылығы ерекшелендіретін болады. Ескі мешіт жиналатын мұсылман қауымы үшін тарлық еткен», - дейді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жобалық-сметалық құжатты қаржыландыру үшін 200 млн. теңге бөлу мен құрылысты бастау туралы шешімді аймақ басшысы қабылдаған.

Жаңа мешіт 1500 адамға арналып салынады. Құрылысты толықтай аяқтау үшін 1,5 млрд. теңге қажет. Қостанай облысының әкімі жаңа мешітті салу үшін халық тарапынан да қаражат жинау туралы өтінішін білдірді.

Соңғы жаңалықтар