Қостанайда жаңа үй құрылысы комбинатының өнімі баспана бағасын әлдеқайда төмендетеді
ҚОСТАНАЙ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат -Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүрген Серік Ахметов үй құрылысы комбинатының құрылыс алаңын аралады. Кешеннің аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды. Жоба Индустрияландыру картасы аясында іске асырылуда.
Комбинат директоры Майля Тороянның сөзіне қарағанда, кешеннің өнімділігі жылына 70 мың шаршы метрді құрайды. Технология түрі - ірі панельді құрылыс. Құрылыс кезеңінде 150 және ғимаратты пайдалануға беру кезінде 70 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Германиялық EBAWE Anlagentechnik GmbH компаниясымен жабдықтарды жеткізу жөнінде келісім-шартқа қой қойылды. Жобаны «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қаржыландырады. Үй құрылысы комбинатын іске қосу аз уақыт ішінде баспана мен тұрғын емес ғимараттарды салуға, құрылыстың бағасын әлдеқайда төмендетуге, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында облысты баспанамен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың пікірінше, үй құрылысы комбинатын іске қосу арқылы Қостанайда жаңа үйдің құнын - 1 шаршы метр үшін 90 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік пайда болады.
Жергілікті билік өкілдері екі ірі инветициялық жобаның тиімді жұмысы үшін инженерлік коммуникация құрылысында мемлекеттік көмек қажет екенін Премьер-Министрге мәлім етті.