Қостанайда жаяу жүргіншілер өткелінде бидай таситын жүк көлігі әйелді қағып кетті

СТАНАЙ. 19 қазан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда шамамен таңғы сағат 10-да «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 53 жасар әйелді қағып кетті.

Қостанайда жаяу жүргіншілер өткелінде бидай таситын жүк көлігі әйелді қағып кетті

Анықтаушылар нақтылағандай, астық тасып келе жатқан көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Жол-көлік апатының құрбаны оқиға орнында қаза тапты.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина хабарлағандай, жүргізуші тұтқынға алынып, дәрігерлік сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесі жүргізушінің қанында алкоголь бар екенін нақтылады.