Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы көлік қағып кетті

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 8 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы көлік қағып кетті

Оқиға бүгін сағат 17.30 шамасында Қайырбеков және Рабочая көшелерінің қиылысында болған.

«Opel Frontera көлігінің жүргізушісі КСК шағын ауданына бара жатып, жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар баланы қағып кеткен. Көлікті 54 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан. Бала ауруханаға жеткізілді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала болжам бойынша баланың жамбасы сынған.