Қостанайда жазасын өтеп шыққандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Қостанай филиалы жазасын өтеп шыққандар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында сотталғандар мен жазасын өтеу орындарынан босап шыққандарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлады Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.
None
None

Департамент басшысының орынбасары Болат Байжановтың сөзіне қарағанда, бұл жердегі мәселе тек жазасын өтеу орындарынан босап шыққан адамдардың бейімделуіне ғана емес, сонымен бірге оларды жұмыспен қамтуға да қатысты болды.

«Сол себепті бос орындар жәрмеңкесін бірінші рет жақын арада УК-161-12 қатаң режимдегі колониясының базасында өткізу туралы шешім қабылданды. Себебі, бұл жерден жазасын өтеп шығушылар көп. Сонымен бірге, партия мүшелері кәсіпкерлерге түзету мекемелерінде де өндіріс орындарын ашу және оған сотталғандарды тарту туралы ұсыныс жасады. Ол үшін колонияларда бос өндірістік аумақтар да бар», - деп атап өтті тілшіге берген сұхбатында Б.Байжанов.

Дөңгелек үстел «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Римма Бектұрғанованың төрағалығымен өтті. Оған облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бірінші басшылары, колония басшысы мен ҚАЖ психологтары, сонымен бірге сот, облыстық прокуратура мен адвокаттық корпустың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум