Қостанайдағы ангар өрті: Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта Қостанай өрт сөндірушілері Қостанай қаласы Орал көшесінде орналасқан жеке тұрған ангардың өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қостанайдағы өрт
Фото: Видеодан скрин

Ведомство оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылғанын атап өтті. Өрт сөндіруге суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны берілді.

— Өртті сөндіру қатты түтінмен, жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделеніп отыр. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша өрт шарпыған аумақтың ауданы 300 ш. м. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысы аумағындағы учаскесінде жүк көлігі өртенгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар