05:51, 01 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қостанайдағы барлық мектептерде қашықтан оқыту мерзімі ұзартылды
АСТАНА. KAZINFORM — Өңірде қашықтан оқыту 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— Инфекция деңгейінің күнделікті мониторингі негізінде Қостанайдағы барлық 37 мемлекеттік мектепте қашықтан оқытуды сәрсенбі, 3 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.
Бұл шара оқушылар және мектеп ұжымының қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Қосымша өзгерістер кейінірек хабарланады.
Қостанайлық оқушылар 25 қарашадан бастап қашықтан оқытуға ауысты.