14:40, 25 Наурыз 2023 | GMT +5
Қостанайдағы автоХҚО-да көлік жанып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kostanaynews-ке сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, автоХҚО аумағында ВАЗ маркалы көлік жанып кетті.
Өрт шыққан жерге екі техника мен жеке құрамның алты адамынан құралған Қостанай ӨБ-6 қызметкерлері аттанды.
Жалын бес шаршы метр аумаққа тарады. Тілсіз жау туралы хабар сағат 09:08-де түсіп, ол 09:28-де сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.