Қостанайдағы қоныс-колонияның басшылығы жауапқа тартылды
ҚОСТАНАЙ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының прокуратурасы Қостанайдағы УК-161/11 қоныс-колониясы әкімшілігінің жұмысын тексеру барысында сотталушыларға мекеменің сыртында отбасыларымен тұруға рұқсат беру кезінде заң бұзуға жол берілгенін анықтады.
«Колонияның сыртында отбасымен тұрып жатқан 4 сотталушының бәрі бұл құқықтарынан айырылуы керек болған. Себебі оларға мұндай рұқсат қылмыстық-атқару заңнамасының талаптары бұзыла отырып, олардың тұлғалары егжей-тегжейлі тексерілмей-ақ берілген болып шықты», - деп түсіндіреді облыстық прокуратураның өкілі Абат Төремұратұлы.
Атап айтқанда, мекеме басшысы С.Яковлев пен оның орынбасары Е.Бусурмановтың сотталушыларға негізсіз рұқсат бергені анықталды. Қадағалаушы орган бұл фактілерден «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңның 12- бабы 1-тармағы 4-тармақшасында қарастырылған заңбұзушылық белгілерін (жемқорлыққа мүмкіндік беретін құқықбұзушылық фактілерін) көріп отыр.
Сотталушылардың барлығы жазаларын әрі қарай өтеу үшін қоныс-колонияға қайтарылды. Колония бастығы С.Яковлевке ескерту жасалса, оның орынбасары Е.Бусурмановқа қатаң сөгіс берілді.