Қостанайдағы Құсмұрын стансасында радиация деңгейі жоғары жүк пойызы тоқтатылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 3 қараша күні кешке Қостанай облысының аумағында вагондары радиацияның жоғары деңгейін көрсеткен жүк пойызы анықталды. Бұл туралы бүгін аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Маңғышлақ-Астана бағытындағы жүк құрамында шекара қызметінің офицерлері түсті металдардың брикеттелген кені тиелген екі радиоактивті вагонды анықтағаны туралы хабарланды. Хабарламада «Радиацияның шекті деңгейден асуы 4,8 мкр/б құрады», делінген. Құрамда барлығы 69 вагон болды.
ТЖ қызметкерлері мен теміржол стансасының жұмысшылары құрам тоқтаған бойда қауіпті вагондарды тіркеуден ағытып, оларды тұйық жолға қойды. Вагондар қауіпсіздігінің деңгейін Қостанай облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері тексеруде. Вагондарды одан әрі тасымалдау мәселелерімен Әулиекөл ауданы әкімінің басшылығымен құрылған штаб айналысады. «Штаб құрамына ауданның азаматтық қорғаныс, ТЖБ және АІІБ қызметтерінің өкілдері кірді», - делінген ТЖД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.