Қостанайдағы танысының үйіне келген астаналық баласымен далада қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласының полицейлері бір баласымен далада қалған астаналық келіншекке көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Лисаков қаласының полиция бөліміне бір баласы бар астаналық келіншек хабарласты. Айтуынша, ол Лисаков қаласында тұратын ер адаммен интернет арқылы танысқан. Бұл таныстықтың нәтижесінде ер адам келіншекті Лисаковқа қонаққа шақырған.  

Көп ұзамай келіншек баласымен бірге Лисаков қаласына келеді. Дегенмен, танысы оны қыс уақытына қарамастан үйіне кіргізбеген. Осындай қиын жағдайда қалған астаналық полицейлерге жүгінген.

«Келіншек баласымен медициналық мекемені 3 күн паналаған. Кейін полицейлер әйелге құқықтық, психологиялық кеңес беріп, Астанаға жол жүруге жәрдемдесті. Ана мен бала толық медициналық тексеруден өтті», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар