Қостанайдың бюджеті нақтыланды

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында 2009 жылға арналған облыс орталығының бюджетіне нақтылау енгізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бюджеттік бағдарламаларды қайта қарау облыстық және республикалық бюджеттерден трансферттердің түсуі арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде депутаттар ақшаны әлеуметтік мұқтаждар мен құрылысқа бағыттады. Мысалы, жаңа балабақшаларды ұстауға ? 26 миллионнан астам теңге, мектептерге құрал-жабдықтар сатып алуға? 20,5 миллион теңге жұмсалатын болады. 586 миллионнан астам теңге балабақшалардың құрылысына және оларды жаңартуға, коммунальдық тұрғын үй құрылысына ? 212 миллионнан астам теңге, несиелердің есебінен тұрғын үй құрылысына және сатып алуға ? 467 миллион теңге көзделген.
Соңғы жаңалықтар