Қостанайдың "Тобылы" Анталияға аттанып кетті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Равиль Сабитов жаттықтыратын Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы маусымаралық оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияның Анталия қаласына аттанып кетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың интернет сайтына сілтеме жасап.

Қостанайлық аяқ допшылар алғашқы оқу-жаттығу жиынын желтоқсан айында өз алаңында бастаған болатын. Сырт алаңдағы үш апталық бұл жиынға бас бапкер қосалқы құрамнан 9 ойыншыны шақырып отыр. Олар - қорғаушы Алексей Макаров, жартылай қорғаушы Ермек Қуантаев, Артема Дели, Алексей Малышев, Дәурен Жатеков, Мақсат Аханов және қақпашы Андрей Запорощенко. Ал өткен маусымда негізгі құрамда өнер көрсеткен ойыншылардан қақпашылар: Александр Петухов пен Ярослав Багинский, қорғаушылардан: Данияр Мұқанов, Қайрат Нұрдәулетов, Фархадбек Ирисметов, Александр Шкот, Олег Лотов, жартылай қорғаушылардан: Азат Нұрғалиев, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Харабара, Вячеслав Сердюков бар. Онда сондай-ақ, жаңа ойыншылардан Игорь Юрин, Дмитрий Пархачёв, Олег Сабиров, Мұрат Сүймағамбетов, Виталий Старновский пен Ермек Нұрғалиев өз бағын сынап көретін болады.

Соңғы жаңалықтар