Қостанайдың үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруда
ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат / Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алулар қорытындылары бойынша ашық қоғамдық тыңдаулар өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қоғамдық тыңдаулар пікірсайысын облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды. Оның өкілі Әсел Аязбекованың айтуынша, шараның мақсаты ? үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларының мазмұнымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымындағы әлеуметтік маңызды жобалар конкурсының қорытындыларымен бұқаралық ақпарат құралдарын және қалың жұртшылықты хабардар ету болды. Тыңдау барысында мемлекеттік конкурста жеңімпаз болған 17 жобаның таныстырылымы болды.