Қостанайлық ару Бангкокте өтетін «Әлем аруы-2025» байқауында Қазақстан атынан бақ сынайды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – 20 жастағы қостанайлық ару Дана Алмасова ең танымал Miss Universe 2025 сұлулық байқауы өтетін Тайландқа жолға шықты.

дана Алмасова, конкурс красоты
Фото: Даны Алмасованың Instagram парақшасындағы видеодан скрин

Оны алдыда тыңғылықты дайындық жұмыстары, репитиция, әлемнің 125 елінен келетін байқауға қатысушылармен кездесу күтіп тұр.

Miss Qazaqstan ресми парақшасында Дана Алмасованың Бангкокке ұшып кеткені туралы хабарланды. Онда 19 қараша күні 74-ші халықаралық «Әлем аруы» байқауы басталатыны хабарланды.

«Кеше біз Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық. 19 қарашаға дейін Дана ауқымды дайындықтан өтеді – жаттығулар, репетициялар және түрлі жарқын шаралар жоспарланған. Барлық жаңалықтарды біз әлеуметтік желідегі парақшамызға жариялап отырамыз», – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Ұлттық комитеттің мәліметінше, байқау ұлттық костюмдер көрсетілімімен ашылып, финалдық кезең 21 қараша күні өтеді.

Айта кетсек, Дана Алмасова биыл «Miss Universe Kazakhstan» атағын иеленген. Ол Қостанай қаласының тумасы, жасы – 20-да. Қазақстандықтар жас арудың әлемдік сахнада ел намысын лайықты қорғайтынына зор үміт артып отыр.

Бұған дейін Томирис Қадырхан елімізді «Miss Grand International – 2025» байқауында таныстырған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар