Қостанайлық 60 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды (ФОТО)

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов «Алман» шағынауданындағы жаңа үйдегі 60 пәтердің кілтін табыстады. Қоныстанушылардың қатарына Қостанай қалалық әкімдігінің тізімдерінде тұрған бюджеттік ұйымдар, әлеуметтік сала, ішкі істер органдарының қызметкерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар кірді.
None
None

Пәтерлер Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламасы бойынша берілген. Олардың иелері 20 жылдың ішінде ҚИК-ке арендалық төлемді өтеп, үйлерін бірте-бірте сатып алады.

«Қостанай тез дамып, кеңейіп келеді. Әрине, пәтерлерді алушылар кезегі әлі үлкен, одан да көп үйлерді салу керек. Біз үшін жыл сайын тапсырылатын 19-20 мың шаршы метр баспана аз болып отыр. Бұл мәселелерді соның ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясының көмегімен шешетін боламыз. Биылғы жылы 31 пәтердің кілтін, бүгін тағы 60 кілтті табыстадық. Осылайша, ҚИК бойынша жоспар Қостанайда биылғы жылы толық орындалған», - деді қоныстанушыларды құттықтаған облыс әкімі Н.Сәдуақасов.

Соңғы жаңалықтар