19:27, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қостанайлық кәсіпкердің машинасынан 10 миллионнан астам теңге ұрланды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайлық кәсіпкер банктен ақша алғаннан кейін оның автомашинасынан он миллионнан астам теңге ұрланды. Бұл туралы Қостанай ІІД-інде өткен брифингіде қылмыстық полиция қызметкері, полиция майоры Рамаш Шыжбанов мәлім етті.
Оның айтуынша, Қостанайға аудан орталығы - Сарыкөлден келген 51 жастағы кәсіпкер ақшасын машинада қалдырып, өзі су сатып алу үшін дүкенге кірген. Қайтып оралғанда, оның «Фольксваген-Туарег» машинасының терезесі сындырылған, ал машинадағы (ұлттық және шетелдік валюта) ақша жоғалған. Келтірілген зиянның сомасы 10 032 000 теңге.
Ірі көлемдегі осы ұрлықты тексеру үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Кылмыстық полиция қызметкерінің айтуынша, бұл биылғы жылғы ірі көлемдегі ұрлық. «Бұдан екі жыл бұрын Қостанайда «Бүркіт» базарында осындай ұрлық орын алып, автомашинадан алты миллион теңге ұрланған еді», - деді Р.Шыжбанов. Полиция бұл қылмысты ашып, айыпты сотталған болатын.