Қостанайлық спортшы Грекияда әлем чемпионы атанды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Грекияда самбодан өткен әлем чемпионатында рудныйлық Анатолий Векличтің қоржыны алтынмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Веклич - рекордшы. Ол былтыр Хорватияда өткен әлем чемпионатында әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша 45 медаль жиынтығын иемденген. Осыдан екі апта бұрын Италияның Ольбия қаласында дзюдо шеберлері арасында өткен әлем чемпионатынан да жүлделі оралды.
null 

Грециядағы жарыс 20 қазанда басталған болатын. Жасы 60-тан спортшылар арасында, 90 келі салмақ дәрежесінде А.Велич қарсылас шыдатпады. Финалда ресейлік, төрт дүркін әлем чемпионы Геннадий Федотовтың жауырынын жер иіскетті. Бұл жеңісі оған «алтын» алқа мен «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алып берді.

Жерлесіміздің жүлдесін есептемегенде, Қазақстан құрамасының қоржынында тағы үш алтын медаль болғанын айта кету керек. Бозкілем бәсекесінің бірнеше түрін - еркін күрес, грек-рим, дзюдо жекпе-жектерін меңгерген ардагер өзінің кәсіби мансабындағы 18-ші алтын медальін иеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар