13:48, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Қостанайлық тәртіп сақшылары екі науқас бала үшін қан тапсырды
ҚОСТАНАЙ. 3 маусым. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД оқу орталығының тыңдаушылары мен оқытушылары қан тапсыру шарасына атсалысты.

Тәртіп сақшылары шұғыл қан құю қажеттігі туындаған екі науқас балаға қол ұшын созды.
Арнайы жедел донорлық қосында қан тапсырылды. «Тәртіп сақшылары тұрақты түрде медициналық тексерістерден өтеді. Олардың дайындығы жақсы, бұл бағытта тек қауіпті ауруға шалдықпаған адамдар ғана қан тапсыра алатынын атап өткен абзал», -дейді Облыстық қан орталығының санитары Лариса Новаш.
Жиналған қан науқас балаларға ота жасау кезінде кәдеге жарамақ.